Бұл ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.
Қазақстандық жоғары оқу орындарының мемлекеттік және жеке үлгідегі дипломдары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Жеке үлгідегі дипломдар отандық жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті және білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деп хабарлады министрліктің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.
Сондай-ақ, ведомство Қазақстан да, Ресей де жоғары білімге қатысты біліктіліктерді мойындау қарастырылған Лиссабон конвенциясына қол қойғандарын атап өтті. Бұдан басқа, Қазақстан Болон декларациясының мүшесі және еуропалық білім беру кеңістігінің толық құқықты қатысушысы болған Орталық Азиядағы алғашқы ел болып табылады. Қазақстан Республикасында берілетін дипломдарды Еуропалық біліктілік шеңберіндегі деңгейлермен салыстыруға болады.
– Қазан айында ТМД Білім саласындағы ынтымақтастық кеңесіне қатысушы елдер ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары білім саласындағы жұмысы мен жаңашылдықтарына оң баға берді. Мысалы, академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін жаңа білім беру бағдарламаларын, заңнамалық нормаларды енгізу және т.б.. Сондай-ақ, министрлік сапасыз білім беру қызметтерін көрсететін жоғары оқу орындарын жабу үшін теңдессіз жұмыс жүргізуде, – деп атап өтті Мөлдір Әбдуалиева.