RSS лента

Қашықтан білім беру жалғаса ма?

  • 02.08.2021, 15:38,
  • 583
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Еліміздің Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында қашықтан білім беру жалғасады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады екен, бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді» деген жалған ақпарат тарап жатыр. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды» делінген мәлімдемеде.

Оставить комментарий
Последние новости