Жаңа оқу жылының «қашықтан» басталатыны туралы қауесетті ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.
– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және өңірлердің бас санитариялық дәрігерлері қабылдайды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Демек, бүгінгі күні мұндай шешімдер қабылданған жоқ.