RSS лента

Қазақстандық оқушылар екінші тоқсанда қалай оқиды?

  • 18.11.2020, 19:10,
  • 978
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Мектептерде білім беру үрдісі бірінші тоқсандағы режимде жалғасады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі

Қазақстанда 5 сынып оқушылары кезекші класта оқи алады. Бірақ әр өңір бойынша нақты шешімді жергілікті санитариялық дәрігер қабылдап, рұқсат береді.

 

Жалпы, елімізде 7 мыңға жуық мектеп болса, оның 3700-ден астамы карантиндік шектеулер жағдайында дәстүрлі форматта жұмыс істеп, барлық сынып оқушыларын мектеп қабырғасында оқытып жатыр.

 

Қалған мектептерде санитарлық дәрігерлердің талабы бойынша оқыту аралас форматта жүргізіледі: ата-аналардың өтініші бойынша мектепалды, бастауыш және 5-сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқи алады. Бірақ әр өңір бойынша нақты шешімді жергілікті санитар дәрігерлер қабылдап, рұқсат береді.

 

Егер бала кезекші сыныпта оқитын болса, онда барлық тапсырма бұрынғыдай қалыпты форматта беріледі. Яғни, бала сыныпта оқиды, ал үй тапсырмасын үйде оқулық бойынша орындайды.

 

 Әр мұғалімнің өз оқыту әдістемесі бар. Қосымша ресурс ретінде қолжетімді білім беру платформаларындағы контентті қалай пайдалану керектігін әр мұғалім өзі таңдайды. Дегенмен үй тапсырмасының көлемі бекітілген нормадан тым көп болмауы қажет.

 

Қашықтан оқыту білім беру платформаларының көмегімен жүзеге асырылады. Білім  минитсрлігі белгілі бір платформаны пайдалану бойынша талаптар қоймайды. Білім беру платформасын мектеп әкімшілігі өзі таңдайды.

 

  «Біз білім саласына жауапты министрлік ретінде, әрине, балалардың мектеп қабырғасында білім алып, дәстүрлі форматта оқығанын қалаймыз. Дегенмен, басты назарда – балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы. Мектептердің жұмысына қатысты шешімді санитарлық дәрігерлер қабылдайды (Денсаулық сақтау министрлігі), біз сол талаптарды орындауымыз керек» деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари екінші тоқсанның басталуына орай өткен брифинг барысында.

 

Ал, Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан​ ​ Есенғалиев​ коронавирус инфекциясы бойынша әлемде және еліміздегі жағдай тұрақсыз екенін айтты.

 

«Біз ​ үшін ​ балалардың өмірі қашанда қымбат. Балалардың​ қауіпсіздігін сақтау мақсатында Бас санитарлық дәрігердің қаулысын негізге ала отырып, қашықтықтан оқыту жүйесін жалғастырып отырмыз.

 

Атырауда 2020-2021 оқу жылында 134​ 838 оқушысы бар 196 мектеп жұмыс жасайды. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде оқу жылының 1 тоқсанында оқу процесі 3 бағыт бойынша ұйымдастырылды. Шалғайда орналасқан шағын жинақталған штаттық режимдегі 21 мектепте 1296​ оқушы қамтылған. 175​ мектепте 108​ 713​ оқушыларға оқу үрдісі қашықтан оқыту технологиясы бойынша ұйымдастырылды. Ал, 164​ мектепте 1-4 сыныптың 25​ 023 оқушысын қамтитын 1887 кезекші сыныптар ұйымдастырылған» деді Сатқан Ыбырайұлы.

 

Бүгінгі таңда өңірде 21 шағын жинақты мектептерде оқушылар штаттық режимде білім алуда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости