RSS лента

Екінші тоқсанда оқу тәртібіне қандай өзгеріс енгізілді?

  • 16.11.2020, 13:02,
  • 770
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 24 қазандағы № 245 қаулысына өзгерістерді енгізу туралы жаңа қаулы шықты. Құжатқа сәйкес екінші тоқсаннан бастап жалпы білім беретін мектептерде 5 сынып, ал халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейінгі оқушылар үшін офлайн режимде оқитын болады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасай отырып.

 Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж.Пралиеваның қаулысы 3-тармағының 3.11-тармақшасына өзгерістер енгізілген.

 

Нақтырақ айтқанда тармақша мынадай редакцияда жазылған: «1-5-сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептердің кезекші сыныптарынан және 1-7-сыныптан бастап халықаралық мектептерден басқа, сыныпта 15 балаға дейін жинақтау кезінде жұмысына жол берілетін білім беру объектілерінің жұмысын онлайн-оқыту режимінде ұйымдастырылсын. Оффлайн-режимде оқитын оқушылар арасында коронавирус инфекциясының бір жағдайы тіркелсе ата-аналардың өтініші бойынша барлық сыныптарды онлайн-оқытуға көшуге қатаң түрде жол беріледі», - делінген қаулыда.

 

Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы БАҚ пен әлеуметтік желі арқылы қабылданғын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруге міндеттелді. Қаулы 2020 жылдың 14 қарашасынан бастап күшіне енеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости