RSS лента

Қазақстанда қай мектептер дәстүрлі форматқа көшеді?

  • 02.11.2020, 16:54,
  • 1 016
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300-ге жетпейтін қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшірілмек, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

"Қазақстандық оқушылар 5-14 қараша аралығында күзгі демалысқа шығады. Енді мектепке барып оқитын оқушылар қатары көбейеді.

 

Сондай-ақ, ата-аналардың өтінішімен 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді" делінген ресми хабарламада.

 

Осылайша, екінші тоқсанда екі формат бойынша білім алатын балалардың болжамды саны қашықтан оқыту форматында 2,2 миллион және дәстүрлі форматта 1,2 миллионды құраса, оның 800 мыңнан астамы кезекші сыныптарда (1-5 сынып), шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы, 13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық бала (1-7 сынып) оқиды.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости