"Бала дәстүрлі форматта сыныпта, мектепте оқитыны анық, оған сабақ барысында белгілі бір сабақтар беріледі. Ол оларды орындап, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, сабақ процесі осылай болып келеді. Содан кейін мектепте өткенді үйде қайталау үшін қосымша тапсырмалар беріледі.
Бала қашықтықтан білім алса, ол онсыз да өз үйінде білім алады. Оған үйден орындайтын оқу тапсырмаларын бөлек, тіпті екі еселеп беру орынсыз. Сондықтан балаларға артық салмақ түсірмес үшін біз арнайы нұсқаулық әзірледік. Біз бұл арада оқу тапсырмасы мен үй тапсырмасы деп бөлуге болмайтындығын айтып жатырмыз" деді министр брифингтердің бірінде.