«Бастауыш сыныптар мектепке (кезекші сыныптарға) ата-аналардың өтінішімен барған болатын. Қазір балалар мектептерде санитарлық талаптарға сәйкес оқып жатыр. Ауамен таралатын инфекция болғандықтан (коронавирус), балалар арасында осы індет байқалуда. Егер сынып ішінде бір бала ауырған болса, тұтас сынып карантинге жабылады.
Қазір бірінші тоқсанның аяқталуына бір ай уақыт қалғандықтан, балалардың бірінші тоқсанды бітіруін күтіп отырмыз. Содан кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты тиісті шешім қабылданады» дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.