RSS лента

Сәтбаев университеті мен Сиань теміржол институты бірлесіп жұмыс істеуді бастайды

  • 18.05.2023, 15:01,
  • 348
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Сәтбаев университеті мен Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институты теміржолшылар даярлау бойынша бірлесіп жұмыс істеуді бастайды, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. 


Әйгілі Политех Қытайдың ең үздік техникалық университеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі дамытуда – университеттің делегациясы Сиань қаласындағы (Шэньси провинциясы, Қытай) Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтында болып, машина жасау, көлік және логистика салалары бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас туралы келісімге қол қойды.


Келісімге қол қою рәсімі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары қарсаңында өтті. Тараптар Қазақстан мен Қытайдың логистика саласындағы ынтымақтастығы аясында студенттермен алмасу, технологиялар трансферті, ғылым мен техника саласындағы ортақ жобалар және теміржол инженерлерін даярлау бағдарламасын іске қосу туралы келісім жасады.

Оставить комментарий
Последние новости
      
ЭКОНОМИКА
16.05.2416:03
Доллар продолжает расти  
  
Все новости