RSS лента

Президент Қытайға бармақ

  • 07.05.2023, 17:29,
  • 460
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.sputnik.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция,  көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.

 

Сондай-ақ Президент Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

 

Бұдан бөлек, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия + Қытай» саммитіне қатысады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости