RSS лента

Президент Олимпиаданың ашылуына қатысады

  • 01.02.2022, 02:05,
  • 644
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Қазақстан ұлттық құрамасы сегізінші рет Қысқы Олимпиада ойындарына қатыспақ, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

САНАУЛЫ КҮННЕН КЕЙІН ҚЫТАЙДЫҢ БЕЙЖІҢ ҚАЛАСЫНДА XXIV ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛАДЫ. ТӨРТ ЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСТЫ БӘСЕКЕСІНДЕ ӘЛЕМНІҢ 109 МЕМЛЕКЕТІНЕН КЕЛГЕН ҮЗДІКТЕР СПОРТТЫҢ 7 ТҮРІ БОЙЫНША БАҚ СЫНАҒАЛЫ ОТЫР.

 

Қазақстан ұлттық құрамасы Қысқы Олимпиада ойындарына сегізінші рет қатыспақ. Бұл жолы ел намысын қорғайтын 34 спортшы 87 жолдама жеңіп алған болатын. Бүгінде ел құрамасы Олимпиада қарсаңындағы жаттығуға кірісіп кетті. Қазақстанның көк туын шорт трекші Абзал Əжіғалиев пен конькиші Екатерина Айдова көтеріп шығады. Спортшыларымызға сəттілік серік болсын деп тілейміз.

 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ XXIV ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ, ДЕП ЖАЗДЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ БЕРІК УӘЛИ ФЕЙСБУКТЕГІ ПАРАҚШАСЫНДА.

 

«Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады. Сонымен қатар сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған» делінген хабарламада.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости