Бұл туралы шетелдік БАҚ өкілдері хабарлады. Олардың мәліметінше, кәсіподақ мүшелері Жапонияның денсаулық сақтау министрлігіне барып, премьер-министр Есихидэ Сугеге хат жазбақ. Дәрігерлер мыңдаған спортшы мен қонақтың келуі COVID-19-дың өршуіне әкеліп соғатынын айтып, дабыл қағуда.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, үкіметке үндеу жасаған. Себебі, олар елдегі жағдайға байланысты жеке ойларын білдіруді міндет санайды. Әсіресе, мыңдаған спортшы, жаттықтырушы мен журналистің бір жерге бір уақытта шоғырлануы Олимпиада ойындарының қауіпсіз өтуіне күмән тудыратын көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, жапон дәрігерлері ойынның өтуіне түбегейлі қарсылық білдіріп жатыр.
Жалпы, Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының өтуіне қарсылық білдіруге арналған петицияға 351 мың адам қол қойған.
Айта кетейік, бұған дейін Токио тұрғындары да Олимпиада ойындарының өтуіне қарсы болып, бірнеше рет наразылық шеруіне шыққан еді. Бәрі спорттық шарадан кейін коронавирус індетінің ушығып кетуіне алаңдаулы.
Ұлттық стадион алдында жиналғандардың сөзінше, пандемия кезінде жарыс өткізу орынсыз. Сонымен қатар, наразылар Олимпиаданың кедейлерге кесірі тиеді деп ұрандатқан.