RSS лента

Вакцинацияға наразы дәрігерлер жаппай жұмыстан шығып жатыр ма?

  • 24.02.2021, 05:06,
  • 614
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Желі қолданушыларын қазақстандық және ресейлік дәрігерлер COVID-19 қарсы вакцинацияға наразылық білдіріп, жаппай жұмыстан шығып кетуде деген хабар алаңдатуда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанда дәрігерлердің жаппай жұмыстан кету үрдісі байқалмайды.


– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Дәрігерлер ерікті түрде вакцинацияланады, біз ешкімді мәжбүрлемейміз. 22 ақпандағы жағдай бойынша «Спутник-V» вакцинасының бірінші компонентімен 20 195, екіншісімен – 2 138 медицина қызметкері егілді, – деп хабарлады министрліктен.


Ресейде де дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жаппай жұмыстан кетуі туралы хабарланған жоқ.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости