"Дэйли Мэйл" басылымы жариялағандай, өлі пілдерді Ассамның солтүстік-шығысындағы Нагаон қаласында жақын маңдағы ауыл тұрғындары тапқан. Жергілікті билік Кандоли қорығында пілдерді найзағай кезінде өлдіге санайды.
Ассамның бас министрі Химанта Бисва Сарма бірнеше пілдің өліміне алаңдаушылық білдіріп, тергеу басталғанын жариялады.
Оның айтуынша, пілдің төрт қаңқасы бір жерден, ал 14-і басқа жерден табылған. Алайда алдын ала жүргізілген тергеу жұмыстары олардың жай түсіп өлген болуы мүмкін екенін анықтады. Орман басқармасының өкілдері мен мал дәрігерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, қырғынның себебін білуге кіріскен.
Ассамдағы көптеген пілдің бір уақытта қырылу жағдайы 20 жыл ішінде алғаш рет болып отыр. Жергілікті БАҚ-тың хабарына қарағанда, штаттағы жабайы пілдер бұрын браконьерліктің, жол-көлік оқиғаларының, уланудың және электр тогының құрбаны болған.
Естеріңізге сала кетейік, осыған ұқсас оқиға жақында Батыс Қазақстанда да болды. Онда 300 бас киікке найзағай түсіп, қырылып қалды деген әңгіме шыққан еді.