Анасының оттегі балонын басқаға жалғап қойғандығын ол 11 шілдеде жазған болатын. Осыдан кейін әкімдікте аталған іс бойынша қызметтік тергеу басталғанын хабарлады.
Ал, бүгін екі жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерлері мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы оқиғадан соң жұмыстан қуылғаны белгілі болды.
«Мені аз да болса әкімнің кемшілікті мойындағаны қуантып отыр. Осыдан үш жыл бұрын Шымкентте ауруханада анасын жоғалтқан адам әділ тергеу жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартады деп үміттенемін» деп жазды Ергешова Facebook-те.
Айта кетейік, біз бұған дейін Ергешованың жергілікті билікке айып таққанын жазған едік.