Әлеуметтік желіде шымкенттік клиниканың гинеколог-дәрігері Әлібек Демеуов жариялаған видео тарады. Кадрда КВИ-дан қайтыс болған Шымкент дәрігерлері көрсетілген.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасында бұл ақпаратқа пікір білдірді. Онда хабарланғандай, бейнероликтегі 9 дәрігер мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасаған. «Медқызметкерлер 3 маусым мен 7 шілде аралығында қайтыс болған. Олар хирург, педиатр, гинеколог, лаборант, УЗИ маманы және тағы басқа болып қызмет еткен. Өлімге қосжақты пневмония себеп болған» деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.
Кейін желіде пандемия кезінде көз жұмған Шымкент дәрігерлерінің есімдерімен видео пайда болды. Онда 16 фамилия көрсетілген.
Бұған дейін бас мемлекеттік сандәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда пневмониядан 18 дәрігер қайтыс болғанын хабарлаған болатын. 511 медқызметкер қазір ем алуды жалғастыруда.
Вчерашний фейерверк нам объясняют желанием поднять настроение врачам, которые отчаянно сражаются за наши жизни. Вы это...