Автор қазақстандық команданың формасын сипаттай отырып түстердің сәтті үйлесімін және ең бастысы — жобадан командалық жұмыстын көрініп тұрғанын атап өтті. Себебі, форма дизайның жасауға спортшылар да қатысқан болатын.
«Қазақстан командасының 35 мүшесі өз формасын жасауға тікелей қатысты. Дизайнер Салтанат Баймұхамедова командамен бірге маталарды, түстер мен сәндік элементтерді таңдауда ынтымақтасып, спортшылар Олимпиада жолында қолдау мен ерекше шабыт сезінді. Фирмалық көгілдір түстер палитрасы қазақ даласының шетсіз — шексіз аспанын еске салады» делінген мақалада.
Айта кетейік, салтанатты форманың дизайнері Salta брендімен танымал Салтанат Баймұхамедова болды. Қазақстандық атлеттер үшін спорттық форманы испандық Joma компаниясы жасады. Форманың тұсаукесеріне, сондай-ақ формаға арналған ресми фотосессияға қазақстандық спортшы-олимпиадашылардың өздері қатысты.
Бүгінде спортшылар Токиоға ұшып кетті. Ойын алдында әр құрама олимпиада базаларында екі апталық карантиннен өтеді. Қазақстандық спортшылар спорттың 27 түрінен 96 олимпиадалық лицензияны жеңіп алды.