RSS лента

Бір топ қазақстандық Сириядан қайтарылды

  • 04.02.2021, 19:48,
  • 765
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігі бірлесіп, АҚШ және өзге де халықаралық серіктестердің қолдауымен қазақстандық бір топ азаматты Сириядан қайтарды. Топ құрамында төрт ер адам, бір әйел және жеті бала (екеуі – жетім) болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі» делінген министрлік хабарламасында.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости