RSS лента

50 мың теңгені қашан және қайдан алуға болатыны айтылды

  • 14.10.2020, 20:34,
  • 7 525
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Теміртау, Түркістан және Оралдың 72 814 тұрғынына «Birgemiz» қорынан 50 мың теңге берілді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі аталған қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақшалай қаражат беру үш кезеңде жүзеге асырылады. 15 қазанда «BizBirgemiz» науқанының бесінші толқыны аяқталады. Бар болғаны, үш күннің ішінде еліміздің 23 қаласынан 100 мың отбасыға көмек көрсетіледі.


Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен өңірлерге шамамен 5 млрд теңге бағытталды. Атаулы көмек көрсету - Елбасы, «Nur Otan» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдаған шешімі. 7 санат бойынша 100 мыңнан астам азамат біржолғы материалдық көмекпен қамтылады.

 

Олардың қатарында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұл жетім балалар мен асыраушысының бірінен айырылған балалар), Екінші дүниежүзілік соғысының қатысушылары мен мүгедектер және соларға теңестірілгендер,тыл еңбеккерлері бар. Көмек алушылардың тізімін бұрынғыдай «Nur Otan» партиясының бақылауымен әкімдер ұсынады. Бұл ретте көмекті бұрын алмаған азаматтар алды» делінген хабарламада.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости