RSS лента

Карантин мүмкіндігі шектеулі жандарға қалай әсер етті? (+видео)

  • 29.09.2020, 21:06,
  • 896
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан көрініс

Атырауда жыл басында 1700 дей жолдамаға тапсырыс берілгенімен, карантин жағдайында мүмкіндігі шектеулі жандар шипажайларға шыға алмады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі. 

Жыл басында 1700 дей жолдамаға тапсырыс берілгенімен, карантин жағдайында мүмкіндігі шектеулі жандар шипажайларға шыға алмады. Тек қыркүйек айынан бастап жыл соңына дейін 50 жолдама Ақтөбедегі «Алғабас» шипажайына берілген. Есесіне биыл мемлекеттен тегін ұсынылатын протездік-ортопедиялық, жүріп тұру, сурдо-тифлотехникалық құралдарды алушылар саны көбейіп, мүгедектер 2648 құралға қол жеткізді. Көру немесе есту органдары бұзылған азаматтардың ескі құралдары көп функционалды ноутбуктар мен ұялы телефондарға алмастырылуда. Карантиннің салдарын сезінген 2 топ мүгедегі Атыраулық 68 жасар Татьяна Белоусова болатын. Алматы қаласындағы протездеу орталығына қатынауы қиындаған ол Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне хабарласып, жағдайын түсіндірді. Мүгедек жанның мәселесі қысқа уақытта шешілді. Жүруден қалған азаматша қысқа уақытта протезіне қол жеткізген. Биыл сондай-ақ, мүгедектерді қаржылай колдау мақсатында 1525 адамға біржолғы әлеуметтік көмек төленсе, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz-Atуrau» қорынан 6055 адамға төлемдер бөлінді. Карантин мезгілінде 9778 адамға материалдық қолдау көрсетіліп, халықаралық балаларды қорғау күні қаладағы 2013 мұқтаж балаға 20 000 теңгеден төлемдер аударылды. Жалпы Атырау қаласында түрлі санаттағы 10623 мүмкіндігі шектеулі жан бар (1 топ- 780, 2-топ-4565, 3-топ-3265, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар-2013).

Опубликовано Акиматом Города Атырау Понедельник, 28 сентября 2020 г.


Тек қыркүйек айынан бастап жыл соңына дейін 50 жолдама Ақтөбедегі «Алғабас» шипажайына берілген. Есесіне биыл мемлекеттен тегін ұсынылатын протездік-ортопедиялық, жүріп тұру, сурдо-тифлотехникалық құралдарды алушылар саны көбейіп, мүгедектер 2648 құралға қол жеткізді. Көру немесе есту органдары бұзылған азаматтардың ескі құралдары көп функционалды ноутбуктар мен ұялы телефондарға алмастырылуда.


Карантиннің салдарын сезінген 2 топ мүгедегі Атыраулық 68 жасар Татьяна Белоусова болатын. Алматы қаласындағы протездеу орталығына қатынауы қиындаған ол Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне хабарласып, жағдайын түсіндірді. Мүгедек жанның мәселесі қысқа уақытта шешілді. Жүруден қалған азаматша қысқа уақытта протезіне қол жеткізген.


Биыл сондай-ақ, мүгедектерді қаржылай колдау мақсатында 1525 адамға біржолғы әлеуметтік көмек төленсе, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz-Atуrau» қорынан 6055 адамға төлемдер бөлінді. Карантин мезгілінде 9778 адамға материалдық қолдау көрсетіліп, халықаралық балаларды қорғау күні қаладағы 2013 мұқтаж балаға 20 000 теңгеден төлемдер аударылды.


Жалпы, Атырау қаласында түрлі санаттағы  10623 мүмкіндігі шектеулі жан бар (1 топ 780, 2-топ 4565, 3-топ 3265, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар 2013).

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости