RSS лента

Алақандай Атыраудың мыңдаған гектар жері елге қайтарылды

  • 11.11.2020, 02:14,
  • 840
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Атырау облысында берілген жер учаскелерін игермегені үшін 10 учаскесі кері қайтарылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Облыстық жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Гүлзия Құрманованың мәліметінше, мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің жалпы аумағы 2 мың гектардан асады.

 

«Биыл мерзімінде игерілмегені үшін 10 учаске кері қайтарылды. Ал, 51 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 8 833 642 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 51 ұйғарым берілді», - дейді Гүлзия Құрманова. Қазір бюджетке 6 700 142 теңге ерікті түрде төленген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости