RSS лента

Қазақстанда қандай жағдайда камуфляж киюге болатыны айтылды

  • 02.12.2020, 17:08,
  • 909
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстанның қорғаныс министрлігі әскери салаға қатысы жоқ адамдарға камуфляж киюге қандай жағдайда тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Айырым белгілері (шеврон, погон, Қарулы Күштерге, өзге әскерлерге және әскери құрамаларға тиесілі екенін білдіретін басқа да жолақтар) бар әскери киімді оған қатысы жоқ адамдарға киюге тыйым салынады. Айырым белгілері жоқ камуфляж костюмдерінің өзі әскери киім болып саналмайды. Олар базарлар мен дүкендерде сатылады, қарапайым адамдарға киюге тыйым салынбаған.

 

Қазақстан Республикасының Қарулы күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №144 жарлығы бар. Онда әскери форманың анықтамасы нақты көрсетілген: «Әскери киім нысаны – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген погондары бар нысанды киім (киім-кешек)» делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз хабарламасында.

 

Еске сала кетсек, өткен жолы Атырау облысында ішкі істер органдары мен әскери полиция қызметкерлерінің бірлескен рейдтерінің бірінде әскери полицияның өкілі камуфляж формасын киюге тыйым салынған деп мәлімдегенін жазған болатынбыз. Осыған орай, Қорғаныс министрлігі арнайы түсінік беріп отыр.

 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 675-бабында айырым белгілері және (немесе) әскери форманың нышаны бар киімді заңсыз киіп жүру (пайдалану) жеке тұлғалар үшін бес АЕК – 13 890 теңге (шамамен 32 доллар) мөлшерінде айыппұл салуға, айырым белгілері және (немесе) әскери форманың нышаны бар әскери киімді тәркілеуге әкеп соқтыратыны айтылған.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости