RSS лента

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде – жаңа басшы!

  • 04.09.2022, 05:34,
  • 423
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұжымына жаңа басшы Дархан Қыдырәліні таныстырды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Үкімет басшысы Дархан Қыдырәлі тәжірибелі маман, еліміздің ақпараттық саласына кеңінен танымал түркітанушы ғалым екенін атап өтті. Көп жылдар бойы Халықаралық Түркі академиясы мен «Егемен Қазақстан» республикалық газетін басқарып, әр жылдары мемлекеттік секторда жауапты қызметтер атқарған.


«Дархан Қуандықұлының білімі мен тәжірибесі еліміздің ақпарат саласы мен азаматтық қоғамды әрі қарай дамыту үшін, Президентіміз халыққа Жолдауында қойып отырған тапсырмаларды іске асыруға септігін тигізеді деп сенемін», — деді Әлихан Смайылов.


Премьер-Министр ақпарат министрлігінің алдында азаматтық қоғам институттарының рөлін кеңейту, ұлтаралық қатынастарды нығайту, жастар және отбасы саясатын жетілдіру, сондай-ақ БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі міндеттер тұрғанын айтты.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезін жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.


Үкімет басшысы бұрынғы ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тіледі.

Оставить комментарий
Последние новости