Іс-шараға Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының, Республикалық және өңірлік жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ «Жасыл Ел» жасағының мүшелері қатысты.


«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы еліміздің барлық өңірлерінде басталды.


Маусымның ашылуы аясында экология саласындағы жетекші сарапшылардан пікірталас, семинар-практикумдар, білім беру сессиялары мен мастер-кластар түрінде тақырыптық алаңдар өтті.


Диалог алаңдарында спикерлер жастармен студенттерді жұмысқа орналастыру, өңірлердегі жастар еңбек жасақтарының даму перспективалары, экологиялық білім беру мәселелері, жастардың жаңа экологиялық ойлауын қалыптастыру және табиғатты қорғау қызметіне тарту мәселелерін талқылады.


Іс-шара барысында «Аймақтардағы қызметті үйлестіру» атты жұмыс кеңесі өтті, онда «Жасыл ел» экологиялық бағдарламасын іске асыру мәселелері және қалалар мен елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру бойынша ағымдағы жылға арналған алдағы жоспарлар көтерілді.


«Жасыл ел» жасақтарының қызметіне 16-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.


Айта кетейік, 2021 жылы жасаққа 30 000-нан астам жастар жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылы да Қазақстан бойынша 30 мыңнан астам жастарды жұмысқа тарту жоспарлануда.