Аталған жоба Ақпарат және даму қоғамдық министрлігі мен Азаматтық бастамалар-ды қолдау орталығының демеушілігімен жүзеге асырылып отыр.
– Бүгінде «Киелі табиғат» республикалық экологиялық жоба-сы аясында жаңа You Tube арнасы іске қосылды. Аталған интернет кеңістігінде қалдықтарды сұрыптау мен басқа да эко әдеттерге баулитын бейнероликтер, бейнесабақтар жа-рияланатын болады. Ондағы мақсат – өскелең ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыру. Сондай-ақ, бұл каналда қоғамдағы өткір экологиялық тақырыптарға арналған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді, - деді «Жас ұлан» бірыңғай бала-лар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы Динара Сәдуақасова.
Оның айтуынша, қоғамның экологиялық сауаттылығын арттыру қозғалысына көпшілік қауымға таны-мал эко-амбассадорлар, белсенділер, сонымен қатар қоғамдық ұйымдар жұмылдырылады. Одан бөлек, ұйым басшысы аталған жобаны жүзеге асы-руда «жасұландықтардың» белсенді роль атқаратынын ерекше атап өтті.
– «Жасұландықтардың» қатысуымен осыған дейін де қоршаған ортаны қорғау, сақтау тақырыбына арналған акциялар мен сенбіліктер ұйымдастырылды. Соңғы 1 айдың ішінде 800 мыңнан астам жасөспірім экологиялық акцияға қатысты. Алдағы уақытта «Балапан» телеарнасымен бірлесіп қоршаған ортаны аялау тақырыбына арналған мультфильм мен телебағдарлама түсіру жоспарымызда бар, - деді ұйым төрағасы.