Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған 7230 контейнер орнатылады.
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың айтуынша, қазір по-лимер мен аралас қаптама (тетрапак) қалдықтарын қайта өңдеу кешендерін салу бойынша жобалар конкурстық іріктеуден өтуде. Өңірлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жи-науды дамытуға арналған нысандар іске қосылып, инфрақұрылымды дамытқанда 2025 жылға дейін қайталама шикізат (металл, пластик, шыны) өңдеу көлемін 30%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Қайта өңдеуге жарамайтын қалдықтар жаңа экологиялық кодекске сәйкес энергияға айналдыру зауыттарына жіберілетін болады.
– Қалдықтарды бөлек жинау – олардың 30%-ын қайта кәдеге жаратуға мүмкіндік береді. Ал, қайта өңдеуге келмейтін қалдықтарды жоюдың жалғыз жолы – энергетикалық кәдеге жарату болып табылады, - деді вице-министр Ахметжан Пірімқұлов.
Мамыр айының соңында Экология, геология және табиғи ре-сурстар министрлігі қалдықтарды энергияға айналдыру жобалары бой-ынша аукциондық сауда-саттық жари-ялады. «Waste to Energy» кешендерін Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Шымкент қалаларында іске қосу жоспарлануда. Ал, зауыттардың құрылысы инвесторларды тарту есебінен жүргізілетін болады. Бұл арада инвесторларға қойылатын басты талап – Еуропалық Парламент пен Еуропалық Одақ кеңесінің 2010/75/ЕО директивасының нормасына сәйкес түтін газын тазартудың бес сатылы жүйесін орнатулары қажет.