RSS лента

Кімдердің жәрдемақысы екі есе артатыны айтылды

  • 04.04.2021, 22:40,
  • 855
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударатындарға төленетін біржолғы жәрдемақы 35-тен 70 АЕК-ке дейін көтерілетінін жеткізді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Қоныс аударушыларды жұмыспен қамтуға, жаңа жерге бейімдеуге жағдай жасау үшін көшуге берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшерін 35 АЕК-тен (102 095 теңгеден) 70 АЕК-ке (204 190 теңгеге) дейін көбейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Сонымен қатар, жұмыс берушілерді ынталандыру мақсатында қоныс аударушылардың еңбекақысының бір бөлігін субсидиялау, оқыту шығындарын өтеуге қатысты шаралар қабылданады. Қоныс аударушылардың жалақысының 35 процентін бір жылға дейін субсидиялау көзделіп отыр.

 

Бұдан бөлек, бос жұмыс орындары туралы мәлімет алу, қоныс аударуға өтінім беру және қабылданған шешімдермен танысу электронды еңбек биржасы арқылы жүзеге асады.


2021-2025 жылдар аралығында өңірге 10 мыңнан астам жұмыс күшін көшіру, жұмыссыздық деңгейін 4,9%-ке дейін азайту көзделіп отыр» деді министр.

 

Ал, Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын іске асырудың жалпы сомасы –  1,8 триллион теңгені құрайды екен.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости