RSS лента

Жәрдемақы 16,7%-дан 37 пайызға ұлғайтылмақ

  • 01.02.2021, 15:17,
  • 731
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Өмір сүру мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық сыныптамасына сәйкес 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделеді. Бұл шара балалар сырқатының ауырлық дәрежесіне байланысты жәрдемақы мөлшерін сараланған түрде белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, жәрдемақы мөлшері 16,7 пайыздан 37%-пайызға дейін ұлғайтылады. Жаңашылдық 31 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балаға қатысты болады. Бұл норма Байқоңырда тұратын мүгедек балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне де оң әсерін тигізеді. Осы орайда 207 бала қамтылады.

 

Сондай-ақ, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру тетігі қарастырылуда. Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған норма енгізілген кезде 2 мыңнан астам бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен қоса асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын болады. Қазіргі уақытта олар таңдауы бойынша жәрдемақының бір түрін ғана алып отыр» деді министр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости