RSS лента

Жұмыс беруші 42500 теңге төлеуге міндетті ме?

  • 02.02.2021, 15:38,
  • 1 159
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жұмыс берушілер мүгедектерді жұмысқа орналастырмағаны үшін өтемақы жарнасын төлеуге міндеттелуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Халықаралық тәжірибені ескеріп, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындаудың баламасы ретінде жұмыс берушілер үшін өтемақы жарналарын 2023 жылдан бастап енгізуді ұсынамыз.

 

Қазір ауыр жұмысты, еңбек жағдайы зиянды, қауіпті жұмыс орындарын қоспағанда, мүгедектер үшін қызметкерлердің жалпы санының 2%-нен 4%-не дейін жұмыс орындарына квота белгіленеді. Алайда бұл талап мүлде орындалмайды, кәсіпорындар жарымжан жандарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік жоқ деп сылтауратады.

 

Біз шет елдердің тәжірибесін зерделедік. Оларда квотадан бөлек, өтемақы жарналары бар екен. Өтемақы жарнасы үшін арнайы жеке қор құрылмайды. Ақша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына шоғырландырылады және ол оператор болады. Жиналған қаражат есебінен мүмкіндігі шектеулі адам жұмыс істей алатын кәсіпорындарда жұмыс орындарын құрамыз» дейді ол.

 

Айта кетейік, өтемақы жарнасын енгізуарқылы 2025 жылға қарай мүгедектерді жұмыспен қамту үлесін 30 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Сондай-ақ, кәсіпорын жұмысқа орналастырмаған бір мүгедек үшін бір тоқсанда 42500 теңге төлейтіні белгілі болды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости