"Біздің басты міндетіміз – халықтың мектепке дейінгі, мектептегі, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары деңгейдегі сапалы білім алуға барлық жерде қол жеткізуін қамтамасыз ету" деді Әлихан Смайылов.
Ол бұл бағыттар бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. 2021 жылдан бастап 674 балабақша ашылды. 326 жаңа мектеп іске қосылды. 1436 мектеп жаңғыртылды.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы әзірленуде. 2025 жылға қарай жаңа құрылыс стандарттары бойынша 840 мың орындық мектеп салу көзделіп отыр" деді Әлихан Смайылов.