RSS лента

«Алтын белгіге» үміткер үшін мектеп директоры жауап береді

  • 17.05.2022, 02:48,
  • 439
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

«Алтын белгіге» үміткер түлек ҰБТ-да төмен нәтиже көрсететін болса, мектеп басшылығы жауапқа тартылатын болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Алтын белгіге» үмітті талапкер ҰБТ-дан шекті баллды жинай алмаса, мектеп басшылығын жауапкершілікке тартатын боламыз. Олардың ҰБТ-ны тиісті деңгейде тапсыру мен академиялық адалдық приципі біздің бақылауымызда. Ертеңгі күні естімедік, білмедік деген әңгіме болмасын. Бұл мәселе бойынша мектеп басшылығы тікелей жауапкершілікке тартылады. Қажет болса, жұмыстан шығарамыз»,- деді ол.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости