RSS лента

Мектеп түлектері ойларына келгенін жасаған (+видео)

  • 26.05.2021, 11:32,
  • 1 029
  • 0
  • Автор:
Автор фото: скриншот

Алматы облысында төрт көлікке мінген жастар жол қозғалысы ережелерін бұзды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Оларды полиция ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желіні бақылау кезінде құқық бұзушыларды анықтады. Видеода төрт көлікке отырған жастар жол ережесін өрескел бұзған. Полиция жігіттерді ұстады. Олардың Жамбыл ауданының 17-22 жас аралығындағы тумасы екені анықталды. Ішінде екеуі кәмелетке толмаған. Оларға қатысты мемлекеттік нөмір белгісі жоқ көлікті басқару, қозғалыс кезінде есік ашу және қозғалыс кезінде терезе ойығынан шығу бойынша 15 әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың ата-анасымен білім беру бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.


Сондай-ақ, Ақтөбеде де жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін бірнеше кортеж жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың бірнеше жағдайы анықталды, онда жолаушы-түлектер автокөлік терезелерінен шығып, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол берген. Автокөлік жүргізушілері анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

– Түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалар үшін жауапкершілік туралы ескертеміз және осы күні мектеп оқушыларын қадағалауды күшейтуге шақырамыз. Сонымен қатар, жалға алынған үйлер мен пәтерлердің иелері кәмелетке толмағандарға қандай да бір іс-шараларды атап өту үшін үйлерді жалға беруге жол бермеуді сұраймыз. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің немесе ата-анасының еріп жүруінсіз көшеде болған жағдайда, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, – деп атап өтті ПД бастығы Атығай Арыстанов.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости