RSS лента
---

Мұғалімнен пара алған директор жұмыстан қуылды

  • 27.09.2021, 16:45,
  • 887
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Атырауда мұғалімнен бір жылда 620 мың теңге пара алған мектеп директоры орнынан кетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы Express Qazaqstan мәлім етті.

 

— №38 мектеп директоры өз еркімен жұмыстан шығу туралы арыз жазды. Арызы қабылданып, жұмыстан шығарылды, — деп хабарлады Атырау қалалық білім бөлімі.

 

Осыған дейін №38 мектептің музыка пәнінің мұғалімі жұмыста қалу үшін директорға ай сайын 30-40 мың теңге пара беруге мәжбүр болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қылмыстық іс қозғап, кейін жауып тастаған. Мектеп директоры пара алғанын мойындамады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости