ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де бұл ақпаратты ресми түрде растады.
«2021 жылдың 1 шілдесінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) өзіндік қауіпсіздік департаменті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп ірі көлемде пара алғаны үшін Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің офицерін ұстады» делінген хабарламада.
Одан әрі күдіктінің Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамауға алынғаны айтылды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.