Оның ҚР Бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылғанын хабарлаған болатынбыз. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.
Ал, Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды.
Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. Білімі жоғары, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Сыныптық шені – 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. «Құрмет» (2008) жәнеІІ дәрежелі«Даңқ» (2014) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ,Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен «Ресей флотына 300 жыл» естелік медалі және «Адмирал Кузнецов» медальдарымен марапатталған. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.