RSS лента

Наразы топ облыстық әкімдіктің алдына жиналды

  • 08.10.2020, 01:59,
  • 1 747
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық көздерден

Пандемия атыраулық кәсіпкерлер үшін қатты қиынға соққанға ұсқайды. Себебі, олардың әрқайсысы ондаған миллион шығынға батқан, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

"Бірақ бәрінен бұрын, жергілікті әкімдіктің мектеп ішіндегі асханаларды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік басқаруға бергені өте әділетсіз болды" дейді олар. 


Олардың айтуларынша, қала әкімінің орынбасары келісімге қол қоярда қулыққа барған көрінеді.


– Самат Ембергенұлы "жаңа мектеп асханаларын береміз" деген желеумен "МЖӘ басқаруға қарсы емеспіз" деген құжатқа қол қойдыртып алды, - дейді кәсіпкер Бибігүл Ізбасова.


Бір өкініштісі, алдын ала сатып алынған тағамдардың мерзімі өтіп, жарамсыз болып қалған. Өз кезегінде кәсіпкерлер "шығынның орнын толтыру үшін тым құрығанда тағы екі жыл жұмыс жасай тұрсақ" деген уәждерін айтады. 


Әкімдік алдына жиналған наразы топқа жауапты мамандар құр босқа үміттенбеуге шақырды. Өйткені, биыл он, ал, келер жылы 20 мектептің асханасы МЖӘ жүйесі арқылы жұмыс атқаратын болып шешіліп қойған екен. Олардың ойынша, бұл жерде өзге де тендер қатысушыларының құқығын шектеуге болмайды. Демек, тендерді кім ұтады, сол асханаға ие болады деген сөз. 


Ал, кәсіпкерлер мәселе шешімін таппаса, Президентке хат жолдайтындарын жеткізді.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости