RSS лента

Қызылордада жасанды интеллект мектебі ашылады

  • 24.05.2023, 15:55,
  • 329
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қызылордада Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетінің жасанды интеллект мектебі ашылады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

22 мамырда Корея Республикасының Сеул қаласына Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған облыс делегациясы іссапармен барды.


Министрліктің айтуынша, іссапардың алғашқы күні делегация мүшелері білім және ғылым салаларында ынтымақтастық орнату үшін Шинхан университетінің президенті Канг Сонг Чонг мырзамен кездесті. Еңбек нарығының болашақтағы бағыты зерттелгеннен кейін Шинхан университетінің филиалы қандай мамандықтар бойынша ашылатыны нақтыланады.


Корея Республикасындағы іссапар Сеул Ұлттық ғылыми-техникалық университетінің Президенті Ли Донг Хун мырзамен кездесумен жалғасты. Жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек вице-министрлермен бірге онлайн қосылып, бастамаларға қолдау көрсетілетінін айтты.

Оставить комментарий
Последние новости
        
ЭКОНОМИКА
16.05.2416:03
Доллар продолжает расти  

Все новости