RSS лента

Енді 200 мың теңгеден төмен жалақы болмай ма?

  • 17.08.2021, 19:03,
  • 494
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

ҚР Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынысты ЖОО оқытушыларының жалақысы биылғы қыркүйектен бастап көтерілмек, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

БҒМ ресми Telegram-арнасының хабарлауынша, енді оқытушылар ай сайын кемінде 200 мың теңге алатын болады. Аға оқытушының еңбекақысы кемінде 230 мың теңгені, қауымдастырылған профессордың жалақысы — 260 мың теңгені, профессордың еңбекақысы — 350 мың теңгені (ұлттық жоғары оқу орындарында — 400 мың теңгені) құрауы тиіс. Бұл шешім ел Президенті Қ.Тоқаевтың ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеру туралы тапсырмасын орындау аясында қабылданды. Штаттық оқытушыларға ең төменгі жалақыны белгілеу туралы тиісті бұйрыққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.

 

«Бұл ретте, егер оқытушылардың жалақысы көтерілсе, онда оқу жүктемесі, керісінше, төмендетілетін болады. Бұл оқытушылардың ғылыми қызметпен айналысуға көп мүмкіндігі мен уақыты болуы үшін жасалып отыр», — делінген ҚР БҒМ хабарламасында.

 

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдегендей, ведомство жоспарлы түрде жұмысқа қолайлы жағдай жасайды, педагогтардың жалақысы мен мәртебесін көтереді. ЖОО оқытушыларының еңбегі де жоғары төленетін болады.

 

«Егер білімнің тиісті деңгейде болуын қаласақ, оқытушыларға лайықты жалақы төлеу қажет екенін түсіну керек. Бұл ретте БҒМ Жоғары оқу орындарының сапалы жұмысын да, оқытушылар тарапынан оқу процесіне жауапты көзқарасты да талап етеді. Бұған дейін ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы ЖОО-лардың профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын көтеруді тапсырған болатын», дейді вице-министр.

 

Педагогикалық жүктемеге келетін болсақ, енді бір мөлшерлеменің максималды көлемі оқу жылы үшін 680 сағаттан аспауы керек.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц