RSS лента

Келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі?

  • 01.03.2021, 19:44,
  • 1 893
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстанда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақысы өсетінін айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін пысықтауда. Биыл дәрігерлердің орташа жалақысы 320 мың теңгеге жетеді. 2023 жылы 561 мың теңгені құрайды. 2021 жылы орта медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 173 мың теңге, 2023 жылы 210 мың теңгеге жетеді» деді ол.

 

Айта кеткен жөн, 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе көп болады деп болжануда. Мәселен, 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджетте тиісті шығыстар көзделген. 2021 жылы – 222 миллиард теңге, 2022 жылы – 362 миллиард теңге, 2023 жылы – 557 миллиард теңге.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости