RSS лента

Сапалы білім - тұрақты даму негізі

  • 26.12.2025, 00:02,
  • 46
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Білім-кез келген қоғам дамуының негізі, ал сапалы білім-еліміздің болашағын айқындайтын стратегиялық ресурс.

Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсынған Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты сапалы, қолжетімді және инклюзивті білім беру жүйесін қалыптастыруды көздейді. Бұл міндетті жүзеге асыруда Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі-әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің рөлі айрықша. ҚазҰУ көпжылдық тәжірибесі мен білім беру дәстүрін сақтай отырып, заманауи білім беру технологияларын енгізуде, ғылыми-инновациялық ортаны кеңейтуде, студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасауда еліміздегі жоғары білімнің флагманы саналады.Университетте білім беру үдерісі еңбек нарығының сұранысына сай үнемі жаңартылып отырады. Оқу бағдарламалары теория мен практиканы ұштастыра отырып жасалған. Студент тек пәндік білім алып қана қоймай, аналитикалық ойлау, коммуникативтік қабілет, көшбасшылық қасиет, цифрлық сауаттылық сияқты XXI ғасыр дағдыларын меңгереді. Білім ордасы ұсынған кредиттік оқыту жүйесі оқырманға жеке білім траекториясын құруға мүмкіндік береді, ал құқықтық пәндер студентке қызығушылығы мен кәсіби жоспарларына қарай бағыт таңдауға жол ашады. Бұл сапалы білім берудің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

 

    ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуеті де ерекше назарға лайық. Университет жанында түрлі ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, технопарктер мен инновациялық орталықтар жұмыс істейді. Студенттер ғылыми жобаларға еркін қатысып, мақалалар жазып, конференцияларда, олимпиадаларда, халықаралық форумдарда өз зерттеу нәтижелерін таныстыра алады. Олар стартап жобаларын жүзеге асырып, жас ғалым ретінде қалыптасуға мүмкіндік алады.Оқу ордасы білім беруді цифрландыру бағытында да белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Сабақ материалдары электронды ресурстарға көшіріліп, студент кез келген уақытта қашықтан оқуға мүмкіндік алады. Univer жүйесі, смарт-кампус платформалары, цифрлық кітапхана-оқу үдерісін жеңілдетіп, ашық әрі тиімді етеді. Онлайн формат академиялық қолжетімдікті кеңейтіп, қалаға не өңірге қарамастан білім алу мүмкіндігін арттырды. Сапалы білім тек теориямен өлшенбейді, ол тәрбие мен құндылықпен бірге жүреді. ҚазҰУ студенттердің шығармашылық, мәдени, спорттық және әлеуметтік дамуы үшін кең орта қалыптастырған. Жастар волонтерлік жобаларға қатысып, дебат клубтарында ой-талқы жүргізіп, түрлі қоғамдық шараларда белсенділік танытады. Университеттегі орта студентті қоғамға бейімдеп, жауапкершілік, отаншылдық, адалдық сияқты адами құндылықтарды қалыптастырады. Бұл да сапалы білімнің маңызды бөлігі болып табылады. Университет әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен байланыс орнатқан. Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы шетелде білім ала алады, тәжірибе жинайды, әлемдік білім кеңістігімен танысады. Мұндай ашықтық білім беру сапасын арттырып, түлектердің халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие болуына жол ашады.

 

     Осылайша, ТДМ 4 шеңберіндегі негізгі талаптар-сапалы білім беру, өмір бойы оқу мүмкіндігі, қолжетімділік және теңдік қағидалары ҚазҰУ тәжірибесінде айқын көрініс табады. Университет жас ұрпаққа терең білім беріп қана қоймай, өзгермелі әлемге бейім, технологияны меңгерген, ғылыми ойлайтын, қоғамға жауапкершілікпен қарайтын маман тәрбиелеуді мақсат тұтады.Тұрақты даму мақсаттары мемлекет мүддесімен ғана емес, әрбір білім алушының болашақ жолымен тығыз байланысты. Себебі сапалы білім – экономиканы дамытатын күш, қоғамды алға сүйрейтін ресурс, өркениеттің іргетасы. Сондықтан ҚазҰУ-дың атқарып отырған жұмысы еліміздің тұрақты дамуына, білімді ұлт қалыптастыруға қосылған зор үлес болып табылады. Білім-болашағымыздың кепілі, ал сапалы білім – баянды дамудың бастауы. Университет қабырғасынан түлеп ұшқан жас мамандар ел игілігіне қызмет ететін, жаңа идеялар ұсынатын, мемлекет сұранысына жауап беретін тұлғаларға айналып келеді.

 

Г.Д.Ансатбаева,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости