Жоғары білім – ел дамуының маңызды бағыттарының бірі. Жоғары оқу орындары білікті мамандар даярлап, ғылымды дамытады, инновацияларды енгізеді және Қазақстанның зияткерлік әлеуетін қалыптастырады. Профессор-оқытушылар құрамының, ғылыми қызметкерлердің және жоғары білім саласында еңбек етіп жүрген барлық мамандардың еңбегі – мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жаңа буын мамандарын дайындауға және Қазақстанды халықаралық білім беру кеңістігінде ілгерілетуге қосқан зор үлес.