Университеттің негізгі миссияларының бірі-жаһандық тұрақты даму күн тәртібіне сәйкес жастарға заманауи, қолжетімді және сапалы білім беру. Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4-мақсаты-«Сапалы білім» бағытында ҚазҰУ соңғы жылдары айтарлықтай жүйелі жобаларды жүзеге асырып келеді.БҰҰ қабылдаған ТДМ 4 сапалы білімді қамтамасыз етуді, өмір бойы оқуға жағдай жасауды көздейді. Бұл мақсатты орындау үшін университеттер білім беру процесін жаңғыртуға, цифрландыруға, әлеуметтік жауапкершілікке және академиялық адалдыққа ерекше көңіл бөлуі тиіс. ҚазҰУ-дың білім беру саясаты осы бағытымен толық үндеседі.Университетте білім беру мазмұны халықаралық стандарттарға негізделген. Академиялық бағдарламалар еңбек нарығының сұранысына сай тұрақты түрде жаңартылып, жаңа пәндер, зертханалық практикалар, халықаралық модульдер енгізілуде. Бұл-студенттердің кәсіби дағдыларын дамытып, бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды механизм.
ҚазҰУ цифрландыру бағыты бойынша еліміздегі алдыңғы қатарлы университеттердің бірі. Университетте “Smart University” экожүйесін дамыту, қашықтан білім беру технологияларын жетілдіру, электрондық кітапхана қорын кеңейту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.Қара шаңырақ ғылым мен білімді біріктіре отырып дамитын университет. Соңғы жылдары университет ғалымдары климат, экология, жасанды интеллект, құқық, медицина, әлеуметтік ғылымдар саласында халықаралық деңгейде мойындалған зерттеулер жүргізуде. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми жобаларға қатысуына жағдай жасалып, жас ғалымдардың стартаптарын қолдайтын орталықтар жұмыс істейді.ТДМ 4 мақсаты аясында ғылыми әлеуетті күшейту-білім сапасын арттырудың негізгі факторы.
Білім ордасы осы бағытта:
-халықаралық басылымдардағы зерттеу белсенділігін арттыру;
-шетелдік серіктес университеттермен қос диплом бағдарламаларын кеңейту;
-жетекші ғалымдарды тарту сияқты стратегиялық қадамдарды жүзеге асыруда.
Университет білім алушылардың барлығы үшін тең мүмкіндіктер жасауға тырысады. Инклюзивті білім беру орталығы ерекше қажеттіліктері бар студенттердің әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге гранттар, жеңілдіктер, жатақхана орындары қарастырылған.Университет әлемнің 500-ден астам университетімен ынтымақтастық орнатқан. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары, жазғы мектептер, бірлескен зертханалар – студенттер мен оқытушыларға жаһандық білім беру кеңістігіне енуге мүмкіндік береді.Білім ордасының студенттерінің бойында кәсіби ғана емес, азаматтық құндылықтарды қалыптастыруға баса мән береді. Университетте волонтерлік қозғалыстар, құқықтық және әлеуметтік жобалар, экологиялық бастамалар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – ТДМ 4 мақсаттарын жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан іргелі жоғары оқу орны.Болашақ мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру, оларды еңбек нарығына лайықтап дайындау-оқу ордасының басты мақсаты. Осылайша университет елдің интеллектуалдық капиталының дамуына және Қазақстанның тұрақты дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Д.М.Баймаханова,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық
кафедрасының доценті, з.ғ.д

