Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы мектептердің негізгі міндеті – жоғары сапалы жалпы орта білім берумен қатар оқушыларға бастапқы кәсіптік бағдарлы білім беру.
Ахметовтың айтуынша, мектепте оқу мерзімі 2 жыл. Тәрбиеленушілер интернаттық жүйе бойынша ұйымдастырылған мектептерде тәулік бойы болып, белгіленген нормаларға сәйкес бюджет қаражаты есебінен толық қамтамасыз етіледі.
«Мектепке орта білім беру ұйымының 9 сыныбына негізгі орта білім беру ұйымын аяқтап, оқуды бітіргені туралы куәлік алған, қабылданған жылы 15-тен кіші емес, бірақ 16 жастан асқан Қазақстан Республикасының жастары қабылданады. Денсаулығы бойынша оқуға жарамды талапкерлер оқуға қабылдау жылының 1-5 тамызы аралығында құжаттарын тапсыру үшін мектепке келеді. Мектепке қабылдау 6-20 тамыз аралығында жүзеге асырылады», - деді спикер.
Бұл ретте Қорғаныс министрлігінің өкілі қабылдау кезеңдерінің арасында негізгі орта білім бағдарламасымен математика және мектепті оқыған тілі бойынша тестілеу бар екенін атап өтті.