RSS лента

Заң факультеті – құқық пен білімнің үндестігі

  • 01.12.2025, 01:33,
  • 21
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Ұлттық құқықтық білімнің қалыптасуында айрықша орны бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті – еліміздегі ең беделді әрі тарихи білім орталықтарының бірі.

Заң факультетінің басты мақсаты – қазіргі еңбек нарығының сұранысына сай, жоғары кәсіби деңгейдегі заңгер мамандарды даярлау. Оқу бағдарламалары жыл сайын жаңартылып, әлемдік үздік тәжірибелермен үйлестіріледі.Бакалавриат, магистратура және PhD бағдарламалары құқық саласының барлық негізгі бағыттарын қамтиды.


Оқу процесі тәжірибеге бағытталған. Студенттер сот процестерінің модельдік сабақтарына, құқықтық клиника жұмысына, мемлекеттік органдардағы тәжірибеге, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық жобаларға белсенді қатысады.Факультеттің профессор-оқытушылар құрамына белгілі заңгер-ғалымдар, практикалық тәжірибесі мол мамандар, халықаралық деңгейде мойындалған сарапшылар кіреді.Оқытушылардың ғылыми әлеуеті- факультеттің басты артықшылығы. Жыл сайын ондаған монография, ғылыми мақала, зерттеу жобасы жарық көреді. Ғалымдар Қазақстандағы құқықтық реформаларды ғылыми тұрғыда сүйемелдеп, заңнама бастамалары бойынша сарапшылық пікір береді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті ғылыми-зерттеу жұмыстарына да айтарлықтай көңіл бөледі. Заң факультеті еліміздің құқықтық жүйесіне қатысты зерттеулер жүргізу, халықаралық құқық, азаматтық құқық және қылмыстық құқық салаларында ғылыми жаңалықтар ашуға ұмтылып келеді. Оқытушылар мен студенттер ғылыми-зерттеу жобаларына қатысып, халықаралық ғылыми қауымдастықпен белсенді байланыс орнатқан. Факультет сондай-ақ халықаралық құқық саласында маңызды келісімдер мен тәжірибе алмасу шараларын ұйымдастырып, әлемнің ең беделді университеттерімен серіктестік орнатып отыр. Бұл халықаралық байланыстар факультет студенттеріне шетелде білім алу және тәжірибе жинақтау мүмкіндігін береді.Студенттер мен жас ғалымдар құқықтық ақпараттық жүйелермен, big data талдау құралдарымен, цифрлық платформалармен жұмыс істеуді меңгереді. Бұл-жаңа буын заңгерінің кәсіби бейнесін қалыптастырады.Факультет әлемнің жетекші университеттерімен ынтымақтастық орнатқан. Германия, Польша, Түркия, Франция, Корея, АҚШ университеттерімен академиялық ұтқырлық бағдарламалары, бірлескен жобалар, жазғы мектептер жүзеге асады.Заң факультетінің миссиясы-елдің құқықтық жүйесінің бәсекеге қабілетті дамуына сүбелі үлес қосатын, ойы тұжырымды, шешімі салмақты, әділ әрі білікті заңгерлер даярлау.

 

Бүгінде әл-Фараби ҚазҰУ-дың Заң факультеті-классикалық дәстүрі мен заманауи жаңашылдығын үйлестіре білген жетекші ғылыми-білім орталығы. Факультет түлектері еліміздің сот, прокуратура, ішкі істер, әділет органдары, мемлекеттік басқару, бизнес және халықаралық ұйымдарында табысты еңбек етіп жүр.Уақыт талабына сай үздіксіз дамып, жаңа идеяларды іске асырып келе жатқан ҚазҰУ Заң факультеті-еліміздің  құқықтық мемлекет ретінде орнығуына қызмет ететін зияткерлі әлеуеттің орталығы.

 

Д.А.Турсынкулова,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті,з.ғ.к.

 

К.Р.Усеинова,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц