Осы күні факультетіміздің қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, оқу мен ғылым саласында үздік нәтижелер көрсеткен студенттер факультет деканының алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапат — жас буынның еңбегі мен бастамаларының әділ бағалануы, олардың факультет өміріне қосқан үлесіне деген зор құрметтің көрінісі болды.
Іс-шара барысында факультет басшылығы белсенді студенттердің оқу мен қоғамдық қызметтегі жетістіктерін ерекше атап өтті. Олар оқу озаттығымен қатар, студенттік ұйымдар мен волонтерлік қозғалыстардың бел ортасында жүріп, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді.
Факультет деканының оқу-ісі жөніндегі орынбасары өз сөзінде: “Бүгінгі белсенді, ізденімпаз жастар — ертеңгі кәсіби заңгерлер ғана емес, қоғамның іргетасын нығайтатын тұлғалар. Сіздердің табандылықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіз — факультетіміздің мақтанышы,” — деп атап өтті.
Факультет атынан табысталған алғыс хаттар студенттер үшін үлкен шабыт пен жаңа бастамаларға жол ашты. Бұл марапат — олардың қажырлы еңбегінің, қоғамдық белсенділігінің және университет рухына адалдығының нақты дәлелі.
Іс-шара барысында студенттер ұстаздарына ризашылықтарын білдіріп, оқу мен ғылыми қызметке деген ынталарын арттыруға уәде етті. Өз кезегінде оқытушылар ұжымының қолдауы мен бағыт-бағдары студенттердің дамуына үлкен серпін беріп отыр.
Заң факультетінде қалыптасқан ұжымдық рух пен ынтымақтастық — мұндай жетістіктердің басты кілті. Студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара сыйластық пен бір мақсатқа ұмтылу дәстүрі жыл сайын факультеттің мәртебесін арттыра түсуде.
Осы шара жастардың бойына сенім мен жігер ұялатып, факультетіміздің білім мен тәрбиені қатар ұштастыратын орда екенін тағы бір дәлелдеді.
Болашақ заңгерлердің осындай табыстары еліміздің өркендеуі мен құқықтық мәдениеттің дамуына өз септігін тигізетіні анық.
С.Б.Дүзбаева,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық,
қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының
Phd докторы, доцент
А.Ж.Жақыш,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық,
қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының
аға-оқытушысы
Р.Б.Тұрысбек,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің
қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға-оқытушысы

