RSS лента

«Біргеміз» фронт-офисі ашылды

  • 10.04.2024, 14:02,
  • 262
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Биыл Жастар бастамаларын дамыту орталығында еріктілік орталығы өз қызметін қайта бастады, оның аясында «Біргеміз» фронт-офисі ашылды деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Фронт-офистің мақсаты жастар арасында еріктілік қызметті ұйымдастыру және үйлестіру, олардың әлеуметтік жобалар мен бастамаларға белсенді қатысуын ынталандыру, сондай-ақ түрлі қоғамдық және қайырымдылық бастамаларға қолдау мен көмек көрсету болып табылады. Бұл туралы Павлодар облыс әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-нің волонтерлік орталығының басшысы Айжан Қали ОКҚ брифингінде хабарлады.

 

Фронт-офис жастар өз дағдыларын дамыта алатын, өз идеяларын жүзеге асыра алатын және белсенді қатысу арқылы қоғамға оң үлес қоса алатын платформа құруға ұмтылады.

 

«Республикадағы ағымдағы жағдайға біз су тасқынынан қолдау және көмек жинау үшін гуманитарлық көмек қабылдау штабын құрдық. 2024 - жылдың 25 - наурызынан 30 - наурызына дейін Ломов көшесі, 38 мекен-жайында орналасқан Жастар бастамаларын дамыту орталығының қабырғасында штаб ашылды, ол күн сайын гуманитарлық көмек қабылдауды жүзеге асырады. Еріктілер гуманитарлық көмекті қораптар бойынша сұрыптауды және бөлуді жүргізді, осылайша жинау кезінде 3 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинап, ол 2024 - жылғы 31- наурызда Ақтоғай ауданына Жалаулы ауылына жіберілді», – деді спикер.

 

Бүгінгі таңда Павлодар облысында су тасқыны жағдайы жоқ, Президенттің су тасқыны салдарын жою жөніндегі тапсырмасы толық көлемде орындалады, облыс әкімі Асаин Қуандықұлы Байханов жергілікті жерлерде және зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу жөніндегі жұмысты жеке өзі бақылайды, сондай-ақ Президенттің аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру жүргізілуде.

 

Осы жылдың 8 сәуірінен бастап Қостанай және Ақмола облыстарына гуманитарлық көмек көрсету үшін алым жүргізілуде. Бүгінгі таңда 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды. Жиынға шағын және орта бизнес өкілдері, жастар ұйымдары, өңіріміздің қалалары мен аудандары және облыстың барлық қамқорлы тұрғындары қатысады.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости