RSS лента

2030 жылға дейінгі тұжырымдама қалай жүзеге асуда?

  • 26.12.2023, 18:35,
  • 173
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Қазір елімізде азаматтық қоғам дамуының 3 негізгі бағыты айқындалған. Яғни институционалдық негіздерді құру, өзара іс-қимылдың диалогтық форматын құру, үкіметтік емес секторды, волонтерлік қоғамдастықты өзекті міндеттерді шешуге тарту жүйесін жетілдіру жөнінде бірқатар жүйелі шаралар қабылданып отыр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында осылай деді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде алғаш рет «Қоғамдық бақылау туралы» жаңа заң қабылданды, ол қоғаммен қатар талқыланып, терең сарапталып дайындалды. Алғаш рет заңнамалық деңгейде петициялар институты енгізілді. Осы жылдың 21 желтоқсанында азаматтардың бірлестіктер құрудағы еркіндік құқықтарын кеңейтуге бағытталған «Қоғамдық бірлестіктер туралы» туралы заңға өзгерістер енгізу туралы ҚР заңына қол қойылды.

 

    «Қоғамдық кеңестердің қызметін қайта форматтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізілді. Олардың құрамындағы азаматтық сектордың өкілдігі 23,5%-ға өсіп, 86%-ды құрап отыр. Кеңестердегі жастардың үлесі 10%-ға дейін өсті. Министрлік волонтерлер қозғалысын белсенді дамытуда. 2020 жылдан бастап республикалық және өңірлік фронт-офистер жұмыс істейді. Ауқымды жұмыс нәтижесінде еріктілер ұйымдарының саны 3 есеге, белсенді еріктілер саны 5 есеге артты», – деді Аида Балаева.

 

Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өзара іс-қимылдың әртүрлі диалогтық форматтары қамтамасыз етіп отыр. Осындай алаңдардың бірі – 2003 жылдан бері жүйелі негізде жұмыс істеп келе жатқан Қазақстанның Азаматтық форумының платформасы. Бұл бағытта Ұлттық құрылтай да маңызды диалог алаңы болып табылады.

 

Волонтерлік қауымдастықты өзекті міндеттерді шешуге тарту да азаматтық қоғамды дамытудың басты тетіктерінің бірі болып табылады. Бұл секторда гранттық қаржыландыру жүйесі қайта форматталды. Жалпы, гранттық қаржыландыру аясында 2023 жылы 136 грант іске асырылды.

 

    «Гранттар жастар және волонтерлік бастамаларды қолдау, инклюзивті, азаматтық қоғамды дамыту, отбасылық-демографиялық мәселелерді шешу, ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту бағыттары бойынша іске асырылуда», – деді спикер.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости