Заңда 3 құрылтайшымен қоғамдық бірлестік құруға мүмкіндік беру, республикалық маңызы бар қалалардағы қоғамдық бірлестіктер мәртебесін айқындау, қоғамдық бірлестіктер құруды құқықтық реттеу секілді нормалар ұсынылады.
Сонымен қатар әлеуметтік кодекске еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізу жөніндегі нормалар да енгізілді. Бұл төлем қызметкер 55 жасқа толған, кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болса, азамат зиянды жұмыстардағы қызметін тоқтатқан кезде төленеді.
Сондай-ақ өндірісте зардап шеккен адамдардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша нормалар ұсынылды.