Биыл оның мөлшері 120 840 теңгеден 200 340 теңгеге дейін болса, оған бюджеттен 58 млрд теңге көзделді, оны 398 мың адам алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Сағындықова Назгүл Орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.
Оның айтуынша, жұмыс істемейтін ата-аналар үшін 1 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша бюджеттен ай сайынғы жәрдемақы қарастырылған. Жәрдемақының бұл түрі 1-ші, 2-ші, 3-ші және одан кейінгі балаларға 18 317 теңгеден 28 302 теңгеге дейін мөлшерінің ұлғаюымен баланың туу кезегіне байланысты төленіп отыр. Биыл 56 мың отбасына республикалық бюджеттен 22,2 млрд теңге мөлшерінде осы жәрдемақы төленді.
«Жұмыс істейтін ата-аналарға келсек, бұл міндетті деңгейде жұмыс берушілердің қаражаты есебінен түскен әлеуметтік аударымдар негізінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін біржолғы әлеуметтік төлем. Оның мөлшері әйелдің соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына байланысты. Бүгінгі таңда осы әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 796 мың теңгені құрады. Биыл 11 айда оны МӘСҚ-дан 229 мың адам алды. Жалпы бұл мақсатқа 175,3 млрд теңге жұмсалды. Бала туылғаннан кейін МӘСҚ-дан жұмыс істейтін ата-аналар үшін бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы төлем жүргізіледі. Әлеуметтік төлемнің мөлшері жұмыс істейтін ата-аналардың соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40 пайызын құрайды», - деді спикер.
Бұдан басқа, 2014 жылдан бастап бала күтімімен отырған ата-аналарға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді.