RSS лента

Журналистерге декреттік жәрдемақы төлене ме?

  • 24.08.2021, 16:52,
  • 798
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (АҚДМ) осы жылдың соңына дейін жеке БАҚ-та жұмыс істейтін, декреттік жәрдемақыларының бір бөлігін алмаған журналистердің мәселесін шешуге уәде берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен аптада Informburo журналисі декреттік демалыстың қысқаруына қарсы жеке пикетке шыққан болатын.

 

«Жақында журналистер қауымдастығының жекелеген өкілдері пандемия кезінде БАҚ-қа салықсыз режим аяқталғаннан кейін БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесі туындағанын айтты. Қазіргі уақытта еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеп жатқанын және оларды ағымдағы жылдың қыркүйегінде Парламент Мәжілісіне енгізу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз» делінген хабарламада.

 

Бұл мәселе жыл соңына дейін шешіледі деп күтілуде. Министрліктің баспасөз қызметі бұл мәселе АҚДМ басшысының жеке бақылауында екенін атап өтті.

 

21 тамызда informburo.kz журналисі Жанна Хабдулхабар Алматы әкімдігінің алдына жеке пикетке шықты. Өткен жылы пандемияға байланысты жеке БАҚ-ты  әлеуметтік салық төлеуден босату туралы  Салық кодексіне түзетулер енгізілген болатын. Соған байланысты биыл Хабдулхабар және оның көптеген әріптесі декреттік төлем аз мөлшерде төленбек. Журналист әлеуметтік салықты алып тастағаннан кейін декреттік төлемдер мөлшерінің азаюына байланысты Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігін сотқа беру ниеті туралы да мәлімдеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости